АЛМАТЫ. 25 ақпан. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалым-педагогтары «Жаратылыстану пәндерін үш тілде меңгеру – жаһанданған дамудың жолы» тақырыбында республикалық семинар өткізді.

Алматы қаласындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының мектепке дейінгі шағын орталығында ұйымдастырылған кеңес Жастар жылына және мұғалім мәртебесін көтеруге арналды.

Шараға Қазақстан жас педагог-ғалымдар Қауымдастығының мүшелері, Қыздар университеті мен Орталық Азия университетінің профессор-оқытушылары, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері, Педагогикалық шеберлік орталығының және Білім беруді дамыту орталығының  қызметкерлері қатысты.

– Педагогикалық университеттің жас ғалымдары ұйытқы болған семинардың басты көздеген мақсаты – жаратылыстану бағытындағы пәндерді үш тілде оқыту барысында жеткен жетістіктерді сараптау және туындаған кедергілерді анықтай отырып, оларды шешу жолдарын қарастыру. Сонымен қатар басқосуда пәндерде ағылшын тілінің элементтерін енгізу арқылы мұғалімдердің  педагогикалық  дағдыларын жетілдіру, үштілділікті оқытудың қиындықтарын анықтау және жаңа идеялармен бөлісу де назарға алынды. Қазақстандық педагогтардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызған осы тақылеттес жиындарды өткізу алдағы уақытта да дәстүрге айналмақ, – дейді жас ғалымдар.

Семинар жұмысы екі секция бойынша жүргізілді. Бірінші секцияда мектеп мұғалімдері оқушыларға жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша арнайы сабақтар өткізді. Ал екінші секцияда Қыздар университетінің жас ғалымдары аймақтағы мектеп мұғалімдеріне жаңартылған білім мазмұнына байланысты жаратылыстану пәндері бойынша семинар жүргізді.

Жиын соңында арнайы сарапшылар тобы семинар жұмысына талдау жасап, нақты қорытындысын шығарды.

Жас ғалымдардың қатысуымен республикалық семинар өтті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Пролистать наверх