Біз туралы

IMG_1380
IMG_7807
IMG_8256
WhatsApp Image 2018-11-17 at 10.29.53 (2)
7-маршрут
Фото-3-2-1024x683
4-78-1024x683
IMG_6853
5-1024x683

Слёт туралы

Қазақстан жас ғалым-педагогтары республикалық слётінің бағдарламасы
Бағдарлама-Слет-на-каз

Қазақстан жас педагог ғалымдар Қауымдастығы туралы Ережесі

Қазақстан жас педагог- ғалымдар Қауымдастығы туралы

Ережесі

I. Жалпы ереже

        Қазақстан жас педагог-ғалымдар Қауымдастығы (бұдан әрі -Қауымдастық) берілген Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының заң нормаларына қайшы келмейтін ерікті кәсіби қауымдастық болып табылады.
        Қауымдастық құру – 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халқына кезекті жолдауы негізінде жасалды.

II. Қауымдастық миссиясы

        Мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыдан ойлайтын жас педагог-ғалымдарды біріктіру.

III. Қауымдастықтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Қазақстан жас педагог-ғалымдарының диалог алаңын құру.

Міндеттері:
1. Қазақстан жас-ғалым педагогтарының белсенді тобын қалыптастыру.
2. Білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер бойынша жас педагогтардың
жүйеленген пікірлерін мүдделі тараптарға жеткізу.
3. Оқыту мен тәрбиелеудің тиімді технологияларымен алмасу, ғылыми-зерттеулер
жүргізу.
4. «Ой-талқы», тренингтер, қысқы/жазғы мектептер және т.б. форматта кездесулер
арқылы Қауымдастық мүшелерінің кәсіби дамуын қалыптастыру.
5. Шетелдік ЖОО, колледж, мектептердің жас педагог-ғалымдар Халықаралық
Қауымдастықтар, одақтар, кеңестерімен байланыс орнату.

IV. Қауымдастыққа мүшелік

Қауымдастыққа мүше ретінде 35 жасқа дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет
ететін, педагогика саласында ғылыми зерттеу тәжірибесі бар оқытушылар өз еркімен тіркеле
алады.

V. Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

Қауымдастық мүшесі құқылы:
1. Жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысуға және дер кезінде ақпарат алуға.
2. Іс-шаралар күн тәртібіне ұсыныстар жасауға.
3. Іс-шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желілер және бұқаралық-ақпараттық
құралдар арқылы таратуға.

4. Мектепке дейінгі, орта және жоғары білім берудің өзекті мәселелерін еркін
талқылауға және жүйеленген нәтижелерді өзінің әріптестеріне жеткізуге.
5. Қоғамдық тыңдауларда, конференцияларда, форумдарда, бұқаралық ақпарат
құралдарында және шетелдерде Қауымдастық мүдделерін білдіру.
6. Өзін Қауымдастық басшылығына ұсынуға және сайлануға.

Қауымдастық мүшесі міндетте:
1. Жұмыс жоспарына нақты ұсыныстар енгізуге.
2. Жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысуға.
3. Қауымдастықтың басқа да мүшелерімен кәсіби байланыста болу.
4. Педагогтың кәсіби этикасы мен пікірталас жүргізу мәдениетін сақтау.
5. Мүшелік жарналарды төлеу.

VI. Қауымдастық мүшелері этикалық нормалары

Қауымдастықтың мүшелері өз қызметінде төмендегідей мінез-құлық нормаларына
сүйенеді:
1. Пікірталастар мен талқылаулар барысында айтылған әріптестерінің пікірлерін
құрметтеу.
2. Өз көзқарастары мен ұсыныстарын ашық көрсету.
3. Қауымдастықтың қызметі туралы жалған ақпарат таратпау.
4. Қауымдастықтың мүшелерінің ұжымдық еңбектерінің нәтижелерін иеленуге жол
бермеу.
5. Толеранттылық, мәдениеттілік, отан сүйгіштіктік принциптерін ұстану.

                                                        VII. Қауымдастықтың басқарушы ұйымы
1. Қауымдастық кеңесі -жоғарғы басқарушы орган болып табылады.
2. Қауымдастық кеңесі өз қызметін жылдық жоспар негізінде атқарады.
3. Қауымдастық кеңесіне педагогикалық жоғары оқу орындарынан
1 өкіл сайланады.
4. Қауымдастық кеңесінің жиналысы жылына бір рет өткізіледі.
5. Қауымдастық кеңесінде Президент және хатшысы 1 жыл мерзімге сайланады.
6. Президент және хатшы лауазымына бір адам 3 жыл қатар сайлана алады.
7. Президентікке кез-келген Қауымдастық кеңес мүшесі үміткер бола алады.

VIII. Қауымдастық мүшелік жарнасы

1. Мүшелік жарна мөлшері Қауымдастықтың кеңесінің жиналысында белгіленеді.
2. Мүшелік жарналар Қауымдастық шараларына жұмсалады.
3. Қауымдастық жарнасын Қауымдастық хатшысы жинайды.
4. Қауымдастық кеңесі мүшелік жарнаның жұмсалу есебін барлық мүшелеріне
мәлімдейді.

Қазақстан жас ғалым-педагогтары Бірінші Слётінің ҚАРАРЫ

Қазақстан жас ғалым-педагогтары Бірінші Слётінің

ҚАРАРЫ

        ​Біз, 18 педагогикалық университеттің жас ғалымдар Кеңесінің өкілдері – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бастамасымен өткен Қазақстан жас ғалым-педагогтары Бірінші Слётінің қатысушылары Республика Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының идеясымен бөлісе отырып,

        Қазақстан Республикасында білім беру үдерістерін жаңғыртуда өздерінің
интеллектуалды үлестерін қосуды, білімі мен педагогикалық шеберлігін жетілдіруді, жеке практикалық еңбектерімен қазақстандық және әлемдік педагогиканың үздік дәстүрлерін дамытуды шеше отырып, жас ғалымдардың позитивті күштері мен интеллектуальды үлестерімен білім беру мен мен ғылымның өзекті мәселелері бойынша өз пікірлерін ашық білдіруге, үздік әлемдік практикалармен сәйкес сапалы білім беруге жету мүмкіндігіне сенімді бола отырып, еліміздің болашағын анықтайтын өскелең ұрпақтың алдында педагогтардың жұмысының жоғары жауапкершілігін түсініп,

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшыларына төмендегідей ұсыныстарды жолдаймыз:

1. Қазақстан жас ғалым-педагогтары Қауымдастығы мекемесінің
бастамасын қолдау;
2. Педагогтардың Республикалық Тамыз конференциясында Қазақстан
жас ғалым-педагогтарының секциялық жеке мәжіліс алаңын өткізуді бағдарламаға
енгізу;
        Сонымен қатар, Қазақстан жас ғалым-педагогтары Қауымдастығының
құрылтай мәжілісінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті химия
кафедрасының аға оқытушысы, PhD Абдраймова Мөлдір Рашидқызының
Қауымдастық төрағасы болып, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті ғылым бөлімінің жетекші маманы Чанчарова Алия Алпысбайқызының
хатшы болып бірауыздан сайланғанын хабарлаймыз.

26 сәуір 2018 жыл
Алматы қ.

Е.Сагадиевa-приветственное-слово-на-1-ом-Слете

Директор Евразийский ассоциаций педагогических университетов

Қауымдастық миссиясы

  • Мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыдан ойлайтын жас
    педагог-ғалымдарды біріктіру.



50

Халықаралық Жоғары Оқу Орындарымен байланыс

120

Әріптес Жұмыскерлер

47

Халықаралық марапаттар

20

Қазақстандық ірі компаниялармен келісім шарт

Scroll to top